«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша (базалық бағыт «Туған жер-туған ел»)

өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Рухани қазына" кіші бағдарламасы ("Туған жер-туған ел" базалық бағыты) бойынша жергілікті жазушылардың әдеби мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру мақсатында  №1 жасөспірімдеріне қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Сарыарқаның таланттары» атты шығармашылық кеш өткізілді. Мәдени іс-шара «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен өткізілді. Шығармашылық кешке жазушы С. Жанысбай, жергілікті теледидар өкілдері, кітапханашылар, № 34 ЖОМ жоғары сынып оқушылары және оқытушылары, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері, «Нүрби» ансамблі қатысты. Іс-шара басында кітапханашылар Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласын айтты. Бұл мақалада қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстары қоғамдық сананы жаңғырту контексінде өзекті болып табылатыны атап өтілді, өйткені Елбасының жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  логикалық жалғасы болып табылады. Сонымен қатар қысқаша жергілікті жазушылардың С.Бексейт, С.Аксункар, В.Могильницкий т.б. өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. Оқушылардың назарына «Сарыарка дарындары» бейне презентациясы ұсынылды. Жүргізуші М. Сәменова өз сөзінде біздің өлкеміздің дарынды және шығармашылық адамдарға бай екенін, олардың бірі С. Жанысбай болып табылатынын атап өтті және жазушыға сөз берді. Автормен сөйлесуге №34 ЖОМ оқушылары белсенді қатысты. Сұрақтар тек шығармашылық және кәсіби қызметі туралы ғана емес, сонымен қатар жеке өміріне қатысты  қойылды, оған С. Жанысбай ерекше ықыласпен жауап берді. С. Жанысбайдың сөз сөйлеуінен кейін кітапханашылар жазушының шығармашылығы бойынша «Сан қырлы қаламгер» атты кітап көрмесіне, мобильді кітапханаға шолу жасады. Мобильді кітапханаға автордың 8 белгілі кітаптары енді, оның ішінде «Сарыарқаның самалы», «Азаматым ардағым», «Елорда «Бәйтерегі»» кітаптары оқырмандарды қатты қызықтырды. Іс-шара YouTube арқылы тікелей эфирде өтті  https://youtu.be/dctqoAR4GZw.

ю11   ю12

ю13   ю14

  

Яндекс.Метрика