«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Жастар жылы шеңберінде өткізілген мәдени шаралар

ақпараты

      Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, құқықтық білімді арттыру, білім беруді қолдау және жастардың өзін-өзі жетілдіру мақсатында қала кітапханаларында жастар жылына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

      2019 жылы 18 сәуірде №22 кітапхана-филиалында №8 жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Өзіңді сыйла, басқаларды құрметте» атты рөлдік ойын өткізілді. Рөлдік ойын барысында кітапхананың жас оқырмандары әр түрлі пікірлерді ескеруді және өз позициясын негіздеуді, тілдесудің диалогтық түрін меңгеруді, өзара бақылауды жүзеге асыруды және серіктестерге өзара көмек көрсетуді, кітапхана ресурстары мен Интернет желісін пайдалана отырып қойылған міндеттерге сәйкес ақпаратты кеңейтілген тұрде іздестіруді үйренді. Іс-шараға қатысушылар «Фант» және «Кім екеніңді тап» ойынына белсене қатысты. Шара соңында қатысушылар назарына «Жастар қоғамның белсенді күші» атты кітап көрмесі ұсынылды.

IMG 20190418 104542   IMG 20190418 104952   IMG 20190418 110017

      2018 жылдың 18 сәуірінде № 29 кітапхана-филиалының қызметкерлері №101 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына «Мен жарқын болашақты таңдаймын» тақырыбында сұрақ-жауап сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар «100 жаңа есім» жобасы туралы, қала кітапханаларында ашылған білім орталықтары туралы, жастар саясатын белсенді жүзеге асыратын мақсатты, ынталы қарағандылықтар туралы әңгімеледі. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

IMG 20190418 WA0026   IMG 20190418 WA0027   IMG 20190418 WA0031

      19 сәуір күні №27 кітапхана-филиалында «Адам құқығына жастар көзқарасы» тақырыпты құқықтық конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ  оқушылары қатысты. Іс-шара модераторы ПБ Михайловский ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Кыпшакбаева Ж.А. болды. Конкурсты өткізу үшін қатысушылар «Фемида» және «Феникс» тобына бөлінді. Сайыста оқушылар өздерінің құқық саласындағы біліктіліктерін көрсетті. Топтардың жауаптарын оқырманымыз Пересадько Л.Н. және Михайловский ПБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция капитаны Джунусова Х.К. бағалады. Іс-шара соңында жеңіске жеткен топқа мадақтама берілді.

2   11   12

Яндекс.Метрика