«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

өткізген мәдени шаралар ақпараты

      Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 2019 жылдың 16 сәуірінде М. О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Аңыз қыз» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Мәдени іс-шараға №52 мектептің оқушылары қатысты.  Шара кітапханашының Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы әңгімесінен басталды. Ол қазақ қыздарының арасында, әскери іс-қимылдарға қатысушылардың тек екеуі ғана - Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға (қайтыс болғаннан кейін) Кеңес Одағының Батыры атағы берілгенін атап өтті. Кітапханашының әңгімесі «Аңыздағы қыз» атты слайд-презентацияның көрсетілімі мен сүйемелденді. Іс-шара барысында көркем-деректі фильм көрсетілді, онда батыр қыздың өмір жолы мен оның ұрыс алаңында жасаған ерлігі көрсетілді. Оқушылар С. Жиенбаев, В. Лужецкий, Б. Тажибаев және т. б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында қатысушылар «Мерген Әлия» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.

   20190416 151259   20190416 151317

Яндекс.Метрика