«Қарағанды қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізілген мәдени шаралар

ақпараты

2019 жылдың 24 ақпан күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Фантазерлар» үйірмесінің отырыс өтті. Үйірмеге келушілер 8 Наурыз аналар мерекесіне арнап өз қолдарымен сыйлықтар әзірледі. Балалар «Веселы уроки» журналымен танысып, ондағы берілген көптеген қызықты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар балалар түрлі ойындар, пазлдар жинап, мультфильдер көріп, жаңа кітап, журналдармен танысты.

     IMG 20190224 110739   IMG 20190224 122458

Кітапханалардағы көрнекі қызметтің танымал түрі бұрынғысынша кітап көрме болып табылады.  26 ақпан күні Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы М. Әуезов атындағы № 52 ЖББОМ-де мұғалімдерге арналған "Таңғажайып кітап әлемі" атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде кітапханаға келіп түскен жаңа басылымдар туралы ақпарат ұсынылды. Көрменің мақсаты оқытушыларға қосымша білім алуға, кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыруға және кеңейтуге мүмкіндік беру, кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерді  насихаттау болды. Кітап көрмесіне детективтік жанрдағы кітаптар, фэнтези, психология бойынша кітаптар, мерзімді басылымдар және т. б. қойылды. Мектеп қызметкерлері детективтік жанрдағы әдебиеттерді ( А. Тамоников, И. Рэнкин, Т. Полякова және т.б.) қызықты деп қабылдады, сондай-ақ психология бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдарда назардан тыс қалған жоқ.

  20190226 100321   20190226 101918

Яндекс.Метрика