«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты.

14 ақпанда №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында  «Өлеңдер мен әндердегі туған өлке» атты бейне-көпір Нұра ауданындағы кітапханамен бірлесе отырып өткізілді. Іс-шараға  кітапхана оқырманы, «Вот сложилась у нас с тобою жизнь» атты өлеңдер жинағының авторы  В.Е.Мошкова, №46 ЖББОМ 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары, №3 өнер мектебінің оқушылары қатысты. Шараның басты мақсаты - қаламыздың тарихы мен мәдениетіне оқырмандардың қызығушылықтарын қалыптастыру, өз туған өлкесіне деген жауапкершілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өлкетану әдебиеттерін насихаттау. Мәдени шара барысында оқырмандар әдеби-поэтикалық әңгіме арқылы қаланың пайда болуы мен даму тарихымен танысып, кітап көрмесінде ұсынылған Қарағандылық ақын-жазушылардың кітаптарымен, батырлары  туралы білімдерін кеңейтті. Бейне-көпірдің құрметті қонағы В. Е. Мошкова өзінің өмірбаяны, қызығушылығы жайлы, сонымен қатар туған қаласына деген сүйіспеншілігін білдірді. Сонымен қатар оқушылар  Нұра ауданында дүниеге келген танымал ҰОС батырлары –М. Колодий, М. Мамраев, В. Котешков және Н. Грибов сынды  адамдар туралы да көптеген мағлұматтар алды. Кеш соңында балалар туған өлкесіне «Өз қалаңды сүю-жақсы оқу, өз еліне пайдалы болу, өз Отанын, өз халқын сүю» дегенді білдіретін тілектер айтты.

IMG 20190214 130133

IMG 20190214 130326

16 ақпан күні №11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында  "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай    «Полигон-бұл кімнің отаны» атты бейне сабақ өткізілді.    "Шаңырақ" тарихи-өлкетану клубының кезекті отырысында Семей полигоны туралы әңгіме қозғалды. Кітапханашының әңгімесінен балалар Семей полигонының жабылуының тарихы, онда жүргізілген сынақтың ауыр зардаптары, "Невада – Семей" қозғалысы, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықпен табысты ынтымақтастығы туралы білді. Отырыс барысында қатысушылардың назарына Р. Сейсенбаевтың  "Әлем күйреген күн" кітабы бойынша буктрейлер көрсетіліп, «Ядросыз әлем  үшін» көрмесінің материалдары мен кітаптары ұсынылды.

SAM 4144

SAM 4145

2019 жылдың 20-ақпан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында өлкетану бөлімінің  ұйымдастыруымен «Бір кітап, бір тарих» атты кітапхана қызметкерлерінің арасында жоба ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында өлкелік кітаптарды насихаттау. Осыған орай өлкелік қасиетін жоймаған құнды  кітаптарды  көпшілік оқырманға таныту мақсатында «Бір кітап, бір тарих» атты жоба ұсынылды. Жоба барысында қатысушылар кітапхана қорындағы өлкетану бағытындағы әдебиеттермен толығырақ танысып, оларды көпшілік оқырманға насихаттап және де кітапханашылардың ізденістерін  арттыру.

Жобаға  жалпы балалар кітапханасы, жасөспірімдер кітапханасы және көпшілікке арналған кітапхананың  қызметкерлері қатысты. Он қатысушы қатысқан жобада  өлкелік жазушылардың, Қарағанды қаласының құрылуына ерен еңбегі сіңген, тарих беттерінде аттары жазылған тұлғалар туралы мол мағұлұмат берілді. Жобаға Қарағанды облыстық Ж.К.Бектуров атындағы жасөспірімдер кітапханасының иновациялық-әдістеме бөлімінің меңгерушісі Алдонгарова Гульнар Мухтаровна, Қарағанды  қалалық Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы Гүлзат Бауыржанқызы Шырақбаева, өлкетану бөлімінің жанынан құрылған «Замандас» зейнеткерлерге арналған клубтың төрайымы Есжанова Ғалия Балтабекқызы, Қарағанды облысының тілдерді  дамыту жөніндегі   басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығының әдіскері Мұхамеджанова Жансая Олжабайқызы әділқазылық етті. Жоба ережесінде көрсетілген талаптарға сай I орынмен  №27 көпшілікке арналған кітапхана меңгерушісі Т.АЧистякова, II орынмен  №5 балаларға арналған кітапхана меңгерушісі  М.С.Жумадильдинова,   III орынмен  №1 жасөспірімдерге арналған кітапхана меңгерушісі Р.Р.Бейсембаева марапатталды. Орын алмаған басқа 7 қатысушыға сертификат ұсынылды.

1

2