«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты.

17 қаңтар күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында кітапхананы насихаттау, балаларды кітап оқуға тарту мақсатында  №73 орта мектептің 2-сынып оқушыларымен  «Кітап патшалығы ақылдылар мекені» атты кітапханамен таныстыру шарасы өткізілді. Жас оқырмандар кітапханаға жазылу ережелерімен, кітапхана тәртібімен, кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керектігін және «оқу залы», «абонемент», «кітап қоры», «оқырман формуляры» сияқты жаңа сөздермен танысты. Шараның басты мақсаты: жас оқырмандарды кітапқа деген құрметке, кітапты қалай күтіп сақтап ұстау керек екендігін бойларына сіңіру. Балалар «Ертегілер шеруі» викторинасына белсенді ат салысып, шара кітапханаға түскен жаңа кітаптарды   таныстырумен өз жалғасын тапты.

6

IMG 20190117 WA0004

Жұртшылықты кітапхана жұмысы туралы хабардар ету және кітапхананың жұмысын насихаттау мақсатында 18 қаңтар  күні №27 кітапхана-филиалында «Біздің кітапхана: 2018-жылдың сурет-жылнамасы» атты оқырмандар алдында есеп беру шарасы өтті. Келген оқырмандардың алдында кітапхана меңгерушісі Т.А.Чистякова сөз сөйледі. Ол есеп мерізіміндегі өткізілген жұмыс туралы айтты. 2018 жылғы айтулы мерекелік күндері бойынша атқарылған  іс-шараларды атап көрсетті. Олар елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы, қазақ ақыны, ойшыл Бұқар-жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы, Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралар.  Сонымен қатар зейнет жастағы оқырмандарды біріктіретін «Ханшайым» атты клубтың жұмысы туралы әңгімеледі. Шара соңында кітапхана меңгерушісі барлық оқырмандарға  іс-шараға  қатысқандар  үшін алғысын білдірді.

4

6

№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Дарындылықтың жомарты» атты  ЖББ №65 мектептің 9 «а» сынып оқушыларына  әңгіме-портрет өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы М.Сәменова оқушыларды  суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайында таныстырды. Берілген ақпараттарды қортындылау мақсатында оқушылар екі топқа бөлініп әр түрлі сайыстардан тұратын ойын ойнады. Олар «Қастеевтің мұрасы» атты  викторина,  «Суретшінің қолы алтын», «Жайлауда» тақырыбына байланысты екі топқа бөлініп қылқаламмен сурет салу шеберліктерін көрсетті. Шараға қатысушылар викториналық сұрақтарға, әр түрлі ойындарға белсенді қатысып, жауап беріп өздерінің  білімдерін көрсетті. Кеш барысында кітапханашы «Дарындылықтың жомарты» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Кастеев 3

Кастеев 5

 

Яндекс.Метрика