Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткізілген мәдени шаралар туралы ақпарат

16 қантар күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана  филиалында Саурық батырдың туғанына 205 жыл толуына  арналған «Батыр - өз халқы үшін дүниеге келген» атты ақпараттық сағат өткізілді.  Шараға №30 мектептің 7- сынып оқушылары шақырылды. Мәдени шараның мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігі үшін күресте қазақ батырларының ерлігі туралы білімді қалыптастыру, мемлекет тарихындағы батырлардың рөлін бағалау, патриоттық сезімге баулу және еліміздің тарихын біліп, оқуға  қызығушылықтарын тәрбиелеу.Шара барысында кітапханашылар Саурық батырдың өмірі мен ерліктері туралы әңгімеледі,  арнайы ұйымдастырылған «Қазақ елінің атақты батырлары»кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Шараға оқушылар белсене қатысып, викторина сұрақтарына жауап беріп, тақырып бойынша өз ойларын ортаға сап бөлісті.

Батыр родившийся для своего народа

Ключи к позитивному мышлению

15 қаңтар күні №16 кітапхана-филиалында "Кітап терапиясы" бағдарламасы аясында "Жағымды ойлаудың кілті"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: жасөспірімдер өміріне құндылық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету, эмоциялық қолайсыздық, жанжалды жағдайлардың алдын алу. Кітап көрмесі "Өз-өзін түсінуді іздеу"," Үрей мен ренжуден құтыламыз"," Өзіңді қабылдау және сүю"сияқты бөлімдерден тұрады. " Жағымды ойлаудың кілті " тақырыбы бойынша барлық кітаптар оқырмандарға өз жолын таңдауға, сау және сұранысқа ие болуға көмектеседі.

 

Яндекс.Метрика