4 қазан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында №95 МГ-ның 2 сынып оқушыларымен Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күніне арналған «Жануарлар кітаптың басты кейіпкерлері» атты кітап ассортиі өткізілді. Шараның мақсаты: балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, үй жануарларынан бастап жоғалып бара жатқан жан-жануарларды қорғауға, қастерлеуге үйрету, осы тақырыптағы әдебиеттерді оқуға тарту. Шарада осы айтулы күнге арнап дайындалған кітап көрмесі әзірленді. Онда басты кейіпкерлер бейнеленген көркем әдебиетте, ертегілерде, әңгімелер де және табиғат тақырыбыда бар. Сондай-ақ кітап көрмесіне көркем безендірілген жан-жануарлар, табиғат көріністері бейнеленген түрлі-түсті кітаптар да қойылды. Кітап көрмесіне ауызша библиографиялық шолу жасалды. Шара барысында жүргізуші балаларды осы айтулы мерекенің тарихымен таныстырып өтті. Бұл күн 4  қазан 1931 жылы қоршаған ортаны қорғаушылардың белсенді тобының ат салысуымен бекітілді. Кітап көрмесіне қойылған барлық кітаптар балалардың көңілінен шықты. Шара «Көңілді жан-жануарлар» сұрақ-жауап ойынымен жалғасын тапты. Қатысқаны 20 адам.

SAM 9624 SAM 9626

Яндекс.Метрика