2018 жылдың 20-қыркүйегінде Қарағанды қалалық М.О.Әуезов атындағы орталық кітапханасында өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының «Сарыарқа Lifе» сайт парақшасының ашылуы кітапхана-филиалдарымен бір уақытта тікелей ютуб желісі арқылы өткізілді. Мақсаты: «Сарыарқа Life» парақшасы арқылы – Қарағанды облысының жас ақындарын бір жерге жинақтап және тұрақты түрде насихаттап, шығармашылықтарының дамуына үлес қосу. Кітапханамыздың оқырмандарына, поэзия сүйер қауымға өлкеміздің жас ақындарының шығармашылығымен танысуға мол мүмкіндік туғызу. Бүгінгі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Сарыарқа Life» парақшасының ашылуына Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси «Орталық Қазақстан» газетінің журналисі Нұрлыхан Қалқаманұлы, «Saryarqa» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы, «YAQYT.KZ» жүргізуші, журналист Мақсат Бейсенаев, «Арқа ақшамы» газетінің журналисі, ақын Ерболат Қуатбек, композитор, ақын Воробьева Ирина Анатольевна, кітапхана оқырмандары және жергілікті телеарналар қатысты. Мерекелік іс-шараны Алмагүл Жұмагелдіқызы мен өлкетану бөлімінің кітапханашысы Таңшолпан Ғабдоллақызы жүргізді. Шара барасында «Сарыарқа Life» парақшасын ғаламтор желісі арқылы толығырақ түсіндіріп, өлкелік сазгерлеріміздің әні шырқалып, ақындарымыз өз шығармаларынан өлең оқып, чаттан келген сұрақтарға жауап берілді. Қатысқандары 1000 адам.

 DSC0488  DSC0491  DSC0493

 DSC0494  DSC0521  DSC0522

Яндекс.Метрика