№ 1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Сиқырлы киіз» атты ойын викторинасы өтті. Мақсаты: қазақ халық ертегілері мен мақал-мәтелдерінен алған білімдерін толықтырып, бекіту, халықтың ауыздан-ауызға тараған, үлкен тәрбиелік мәні бар мұрасын бойына сіңіру, оқырмандарды осы ертегілер арқылы жақсылыққа тәрбиелеу. Оқырмандар кітапханашымен бірге сыйқырлы ертегілер әлеміне аттанды. Шараның барысында оқырмандар жұмбақтар шешіп жарысты. Қазақ мақал-мәтелдерін айтып, мағынасына терең ұғынды. Соңында «итеріспек» ойынын ойнап, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

456789

 

Яндекс.Метрика