2 тамыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада республикалық акция аясында «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. Мақсаты: жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, ана тілін құрметтеуге, оқу мәдениетін қолдау және сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға, отандық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру болып табылады. Шара барысында жастар ресурстық орталығының жастары Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» туындысымен, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітабымен, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және көп томдық шығармаларымен таныстырылды. Күні бойы тұрақты оқырмандар кітаптар көрмесіне шолу жасады.

cgb1cgb2

Яндекс.Метрика