№11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Балдырған» журналының жарық көргеніне 60-жыл толуына орай «Сүйікті журнал беттерінде» атты баспасөз-маршруты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: кітапхананың мерзімді басылымдарымен таныстыру, кітапханадағы оқуды қалыптастыру, республикалық «Балдырған» журналымен таныстыру. Шара барысында «Аққу» бала бақша балалары «Бала тілі, бал», «Кел ойнайық», «Жұмбақтар», «Ертегілер», «Халық қазынасынан», «Ойлан тап», «Оқы қызық», және «Санамақтар», «Жаңылтпаштар», «Ол кім бұл не?», «Жұмбақтар» атты қызықты пресс-маршрут жасады. Бағыт барысында «Балдырған» журналы әлем айналасында» слайд-тұсаукесері көрсетілді. Шара соңында "Маған бұл қызық!" деген шағын-сауалнама жүргізіліп, балалардың журнал бөлімдеріндегі түсінген нәтижелерін анықтауға мүмкіндік берді.

20180726 10435720180726 10490620180726 10530020180726 105521

Яндекс.Метрика