26 шілде күні № 22 кітапхана-филиалында кітапхананың кішкентай оқырмандарына «Жаз кітаппен жылы болсын» тақырыбында кітап әлеміне саяхат өтті. Мақсаты: балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру. Шара барысында балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін қызықты кітаптарға қысқаша шолу жасады. Сонымен бірге «Кітап туралы жазбалар», «Кім ақылдырақ», «Сыр сандық» атты балаларға арналған әртүрлі ойындармен және кітап кейіпкерлерімен байланыстырылып өткізілді.

Изображение 011Изображение 022Изображение 023Изображение 026

Яндекс.Метрика