24 шілде күні №12 балалар кітапхана-филиалында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Шәкәрім мұрасы – өшпес ғұмыр» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік бағытта тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ойшыл, қоғам қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылық жұмысымен таныстыру, оқырмандарды жазушының шығармасын оқуға шақыру. Шара барысында көрермендерге ақпарат беріп, түрлі жастағы оқырмандарға арналған кітаптарға шағын шолу жасалды. Биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясына енген Шәкәрімнің «Үш анық» кітабына ерекше назар аударылды. Күні бойы кітапханаға келуші оқырмандар ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен қызметі, сондай-ақ көрнекті ақын және прозалық жазушының шығармашылық мұрасы туралы кітаптар мен басқа да басылымдармен танысты.

SAM 9265SAM 9272SAM 9276SAM 9339

Яндекс.Метрика