20 шілде күні № 11 кітапхана-филиалында «Спорт жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: салауатты өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру, спортпен айналысуды насихаттау, көк байрағымызды әлемдік спорт ареналарында биік ұстап жүрген саңлақтарымыздың жеңісті жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ете тұрып, патриотизмге баулу. Шара барысында адам өміріндегі спорттың маңызы, қазақстандық спортшылардың өмірі мен жеңісі туралы, олимпиадаларда ұсынылған спорт түрлері туралы айтылды. Кітап көрмесіне спорт туралы кітаптар, Қазақстанның көрнекті спортшылары, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша кітаптар қойылды.

1111 2

Яндекс.Метрика