25 қазан 2017 жылы М.О.Әуезов атындағы орталықтандырылған №1 жасөспірімдер кітапхана филиалында «Бір ел-бір кітап-2017» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмұт Торайғыров оқулары» атты шығармашылық кеш өтті. Шараға ЖББ №76, ЖББ №34, ЖББ №65, №7 гимназия ОМ-тің оқушыларымен мұғалімдері қатысты.Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті. Осы қағиданы басты мақсатқа алып жасөспірімдер кітапханасы ЖББ№36, ЖББ №76, ЖББ №34, ЖББ №65, №74,№57, №82, №77, №68, №7 гимназия ОМ-тің оқушыларымен мұғалімдеріне бір адамдай акцияға қатысуға үндеу тастады. Мектептің оқушыларының қызығушылықтары артып «Торайғыров оқулары» атты әдеби эссе жазған болатын. Кітапхана ұжымының таңдауына іліккен ЖББ №76, ЖББ №34, ЖББ №65, №7 гимназия ОМ-тің оқушылары. Іс-шара барысында Кітапхана қызметкері Махаббат Калеловна Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайнда тереңірек таныстырып кетті. Шара барысында кітапханашы «Бір ел-бір кітап» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кеш соңында ең үздік деген оқушылар мен мұғалімдерге кітапхана атынан диплом қағазы берілді.

  U5p0RltXAElPJfnNst0TQVMTebsI9 JIXvxn3Q32pII

Яндекс.Метрика