Құрметті оқырмандар! М.О. Әуезов атындағы ОҚК қорына "Interactiv Kazakhstan" компаниясы ұжымының инновациялық әзірлемелері болып табылатын "Даналық әліппесі" және "Абайтану әліппесі" зияткерлік оқу-тәрбие кешендері түсті. "Даналық әліппесі" және "Абайтану әліппесі" оқу-тәрбие кешенінің көмегімен кез келген оқырман қазақ тілінде күйлерін, халық әндерін, қобыз, свирелдерді, Абайдың "Қара сөздері" оқып немесе тыңдай алады.

"Даналық әліппесі" оқу құралы нұсқаулықтан, он екі кітаптан және сөйлейтін қаламнан тұрады. Оған «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі», «Аталар сөзі» және «Бабалар батасы» атты кітаптары енген.
"Абайтану әліппесі" зияткерлік оқу-әдістемелік кешені 4 кітаптан тұрады: "Жақсы бала", "Жақсы ұстаз", "Жақсы ата - ана" және "Жақсы құрбасы-құрдас". Кітапқа 5-9 сынып оқушыларының мектеп бағдарламасынан ұлы Абайдың шығармалары кіреді. "Абайтану әліппесі" сериясы филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының жетекшілігімен жасалған. Кітаптарда оның Абай шығармаларына қатысты түсініктемелері бар, қара сөздері музыкамен сүйемелденеді.
Достар, егер Сізді осы кітап қызықтырса, сізді Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 45 мекен-жайы бойынша күтеміз.

 

Яндекс.Метрика