«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген мәдени шара туралы ақпарат

     2020 жылдың 17 қаңтары күні №8, №11, №22 кітапхана-филиалдарында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ердің даңқы мәңгі өшпейді» атты портрет-әңгімені №74 ЖББОМ акт залында өткізді. Шара барысында кітапханашылар қатысушыларға қазақстандық батырлар туралы әңгімелеп,«Біз есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз!» атты слайдты көрсетіп, Ұлы Отан соғысы туралы деректі және көркем әдебиеттерден тұратын «Естен шығаруға болмайтын естелік» атты кітап көрмесімен таныстырды. №11 және №22 кітапхана филиалдарында Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттерді оқырмандаға кеңінен насихаттау мақсатымен кітап көрмелері ұйымдастырылды.

20200116 130922   20200116 130948   20200117 154114

     2020 жылдың 17 қаңтарында №22 және №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалдарында Мухамедхан Сейтқұловтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Зердесі зерек зиялы» атты тарихи сағат және «Тағдыр тарихы» аттытарихи өлкетану сағаты өткізілді. Іс-шаралардың басты бақсаты қазақтың ардақты ұлы Мухамедхан Сейтқұлов туралы мәлімет беру. Шара барысында саяси және қоғам қайраткері М.Сейтқұловтың еліміздің ғылыми-мәдени, рухани құндылықтарын сақтап, оны халыққа жеткізуге аянбай еңбек жасағаны туралы айтылды және Мухамедхан Сейтқұловтың немересі Дина Мұхамедхан жіберген құжаттаттармен таныстырды.

20200117 121151   IMG 20200117 122738

Яндекс.Метрика