«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 19 қараша күні Жастар жылы аясында «Поэзия – рухани азық» ақындық батлы Ф.Оңғарсынованың 80-жылдығы қарсаңында өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру

Фариза - кешегі Тұмар ханымнан бастап Әлия мен Мәншүкке дейінгі ұлтымыздың қаһарман қыздарының поэзиядағы қайталанбас көрінісі. Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол іспетті. Фариза өлеңіне жазылған әндер де мол. Шара барысында ақынның өлеңдеріне жазылған «Қазақ қызы», «Жайықтың толқындары», «Мен саған ғашық едім» атты танымал әндерін Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері Хайролла Аймағанбет, Золат Алтынбек нақышына келтіріп орындап, лицей оқушылары Сағынтаев Б., Нұржанқызы Н. «Балбырауын» күйімен кештің сәнін келтірді. Сонымен қатар, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері және Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей оқушылары Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқуда сайысты. Шара соңында «Қазақ поэзиясының падишасы» кітап көрмесіне шолу жасалды.

20191119 122843   IMG 20191119 WA0003

Яндекс.Метрика