№29 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы аясында «Оқы шаһар» атты шара өткізді. Мақсаты: кітапқа қызығушылықтарын арттырып, кітапханаға көбірек оқырмандар тарту. Шара барысында кітапханашылар оқырмандарға ашық аулада кітап оқуға шақырды. Бұл идея балаларға ұнап, олар басылымдармен танысып, таза ауада кітап оқу мүмкіндігіне ие болды.