№29 кітапхана-филиалында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Болашақ» колледжінің студенттері үшін «Жыл кітабы» атты әңгіме - диалог өткізілді. Мақсаты: студенттерді Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясының тарихымен таныстыру, жыл сайын жаппай оқуға таңдалатын шығармалардың мағынасы мен рөлі жөнінде әңгімелеу. Шара барысында «Болашақ» колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзада Жаукеновна ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің белгілі жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әртүрлі жанрдағы әдеби мұрасы туралы әңгімеледі.  Қатысушылар жазушының «Адасқан өмір», «Кедей», «Кім кінәлі?» «Қамар сұлу» шығармаларымен танысты.  Әңгіме соңында «Жыл кітабы» көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды.

IMG 0033 minIMG 0034 minIMG 0041 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика