«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәтін:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
- Соңғы жаңалықтар
- Бейне жаңалықтар
«Ғалымның сара жолы» …
05-04-2024 Hits:22 Соңғы жаңалықтар Altin
Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі»...
Ары қарай оқу"Өнерпаздың сырлы ә…
26-03-2024 Hits:33 Соңғы жаңалықтар Altin
2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың...
Ары қарай оқу"Жүрек жылы" ойын…
18-03-2024 Hits:27 Соңғы жаңалықтар Altin
7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек...
Ары қарай оқу"Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеш
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай "Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеші…
"Алаштың саяси көсемі" атты тарихи сабақ
2024 жылдың 5 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Алаш партиясы басшыларының бірі, ғұлама ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан күніне орай "Алаштың саяси көсемі" атты тарихи…
"Рахмет саған - Туған ел!" атты ойын калейдоскобы
1 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде тәрбиеленушілерге арналған әлеуметтік көмек бөлімшелері Қазыбек би атындағы ауданның үйінде "Рахмет саған-Туған ел!" Алғыс айту күніне арналған ойын калейдоскоп өтті…
Журналист Сүйіндік Жанысбаймен кездесу кеш
«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының…
ТЖБ мамандарымен кездесу
15 ақпан күні М. О. Әуезов атындағы орталық кітапханада «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлерінің Қарағанды қ. ТЖБ басқармасының бас маманы Мусина Раушан Маратқызымен, АҚ аға инженер-лейтенанты П.Р. Якубовамен…
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің ректоры Н.О.Дулатбековпен кездесу кеш
2024 жылдың 23 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу»…
Өлке тарихының зерттеуші Төрехан Майбаспен кездесу кеш
2024 жылдың 10 қаңтар күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл толуы аясында журналист, өлке тарихын зерттеуші, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төрехан…
Жазушы, жаттықтырушы Марина Алясовамен шығармашылық кездесу
28 қарашада Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапханада талантты автор және сертификатталған кәсіби жаттықтырушы Марина Алясовамен шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға Е.А.Бөкетов атындағы №52 орта мектептің 8 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары және…
"Алаш айлығы"
2023 жылдың 25 қараша күні Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Теміржолшылар мәдениет сарайымен бірге Міржақып Дулатұлының туған күніне орай…
- 1
- 2
- 3