Archived Articles

                                                                                                                                                                 

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  Наурыз мейрамына өткізген мәдени шаралар ақпараты

Отан патриоттарын тәрбиелеуге, ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға және қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.

19 наурызда  № 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында № 65 ЖББОМ  жоғарғы сынып оқушыларына «Наурызды қарсы алыңыз!» атты әдеби - музыкалық қонақ бөлмесі өтті. Кеш барысында кітапханашы наурыз мейрамының шығу тарихы, қалай тойланатындығы туралы баяндады, Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер берілді. Сонымен қатар Наурызға байланысты қазақтың салт-дәстүрі туралы викториналық сұрақтар қойылып оқушылар арнайы дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап берді, келесі  кезекте «Ағаш көркі жапырақ» деп аталған сайыс болды, онда көрермендер арасынанан оқырмандарымыз ортаға шығып жапырақтарды алып, ондағы сұрақтарға жауап беріп, жапырақты талға іліп, ағашты безендірді, «Мені жалғастыр» деп аталған ойында оқушылар карточка алып, ішіндегі мақал – мәтелді жалғастырды. Шарада Наурыз мейрамына арналған музыкалық композициялар орындалды, оқушылар «Наурыз» күніне байланысты бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін айтты. Кітапханашы «Наурыздың жауhаз сырлары» атты кітап  көрмесіне шолу жасап,көрмедегі Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақтың киіз үйі туралы, ұлттық тағамдар және де басқа ұлттардың салт-дәстүрін дәріптейтін кітаптар мен мерзімді басылымдармен таныстырды.

cQdRumziFPU   l4t4wqJS3w8   WKjrnu1U4GU

«Болашақ» колледжінің студенттері үшін «Наурыз–жаңару мерекесі» атты фольклорлық мереке №14 кітапхана-филиалында өтті. Мереке №14 кітапхана-филиалының құттықтау сөзімен басталып, оқырмандардың қатысуымен  «Шашу» дәстүрімен жалғасты. Іс-шараға арнайы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, отбасылық және қоғамдық өмірі туралы ақпарат беретін бейне-презентация  дайындалды. Іс-шара барысында студенттердің көмегімен «Тұсаукесер»  рәсімі өткізілді.  Содан кейін аудиторияға «Баршаға танымал дәстүрлердің білгірі» викторинасы ұсынылды, онда шараға қатысқан адамдардың бәрі белсенділік танытты. Кеш соңында кітап көрмесіне шолу өткізілді. 

к Наурызу 20190314 122031   к Наурызу 20190314 122619   к Наурызу 20190314 123653

№11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында №83 ЖОМ 4 сынып оқушылары мен «Шаңырақ» клубының мүшелеріне «Көңілденіп ойнаймыз, Наурыз мейрамын қарсы аламыз» атты халық ойындарының марафоны өткізілді. Шара барысында балалар мереке тарихымен және Наурыз дәстүрлерімен танысты, халық әндері мен күйлері орындалды. Сонымен қатар «Шаңырақ» клубының мүшелері ұлттық киімдердің үлгісін көрсетті. Жас оқырмандар «Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!» атты мақалдар байқауына белсене қатысып, «Тұсаукесер», «Бата беру» салт-дәстүрлерін көрсетті. Мерекенің екінші бөлігінде балаларға «Көтермек», «Күш сынаспақ», «Асық» ойындары ұйымдастырылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

20190319 114848   20190316 091541   20190319 120511 1

19 наурызда №8 кітапхана-филиалында №74 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына «Қош келдің, дәстүрлі Наурыз!» атты кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхананың оқырмандары С.Толеутаева, А. Майлина, А.Ибрагимова, М.Сапаровалардың орындауында «Наурыз»,«Төкші нұрды» т.б. өлеңдермен әндер орындалды. Сонымен қатар аға буын оқырмандардың қатысуымен «Тұсау кесу», «Бата беру» рәсімдері көрсетілді.

20190319 114025   20190319 114339   20190319 115414

19 наурыз күні №4 кітапхана-филиалының қызметкерлері №137 ЖББОМ жоғарғы сынып оқушыларына «Туған жер дәстүрінде - бабалар даналығы мен халық игілігі» атты әдеби-музыкалық композиция өткізді. Кешке кітапхананың құрметті оқырмандары Саджанова З.Ж, Акмолдина Г.Т арнайы шақырылды. Шара «Наурыз-думан» бейнебаянымен ашылды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандармен біріге отырып «Аластау», «Қонақ кәде», «Көрісу», «Ат қою» рәсімдерін көрсетті. Қазақтың дәстүрі бойынша бата беріліп, жырдан шашу шашылды. Салттарды көрсету барысында «Наурыз мейрамы» әні шырқалды. Балалар арасында қол күрестен жарыс өткізілді. Қобызшы Айтахун Айым «Наурыз» шығармасын орындап, өнерімен жұртты тәнті етті.

20190319 115659   20190319 120246   20190319 115956

20 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында өлкетану бөлімінің жанынан құрылған зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубы және «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының ұйымдастыруымен «Армысың әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Өткізілген іс-шарада «Замандас» клубының мүшелері көпшілікке ақ тілектерін білдіріп, ән шырқап, «Замандас» клубының төрайымы Ғалия Балтабекқызы көпшілікке қазақтың салтымен шашу шашты. «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының мүшесі Серікбол Әсемгүл қобыз тартып, өз шығармашылығынан өлең оқыды. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің мүшелері әннен шашу шашып, наурыз мерекесінің сәнін кіргізді. Мерекелік кештің соңында Зекен атамыз ақ батасын берді. Сонымен қатар кітапхана оқырмандарын наурыз мерекесімен құттықтап, наурыз көже таратылды.

 DSC1485    DSC1492    DSC1524

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

«Ғалымның сара жолы» …

05-04-2024 Hits:24 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі»...

Ары қарай оқу

"Өнерпаздың сырлы ә…

26-03-2024 Hits:36 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың...

Ары қарай оқу

"Жүрек жылы" ойын…

18-03-2024 Hits:28 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек...

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика