Archived Articles

                                                                                                                                                                 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы («Туған жер - туған ел» базалық бағыт)

аясында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген мәдени іс-шара туралы ақпарат

       Халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы («Туған жер - туған ел» базалық бағыт) аясында №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ежелгі Қазақстанның тамаша туындылары» атты тарих сағатын өткізді. Іс-шара «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» қолдауымен өткізілді. Тарих сағатының қатысушылары Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, Е.А.Бөкетов атындағы КарМУдың оқытушысы, БАҚ өкілдері, кітапханашылар және № 25 ОМ, 4 мектеп – интернаттың оқушылары мен оқытушылары болды.

       Іс-шара басында кітапханашылар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына тоқталып, мақалада қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстары қоғамдық сананы жаңғырту контексінде өзекті екенін, өйткені Президенттің жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы идеялардың логикалық жалғасы болып табылатынын атап айтты. Содан кейін оқушылар уақыт машинасымен ежелгі Қазақстан бойынша виртуалды саяхатқа аттанды және Жібек жолы, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Арыстан-баба кесенесі сияқты тамаша туындыларды көрді. Іс-шараға «Ұлы даланың жеті қыры» атты мультимедиялық презентация, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдарды насихаттайтын виртуалды кітап көрмесі дайындалды. Іс-шараға қатысушыларды аңызға толы Арыстан бабтың өмірі сипатталған. К. М. Байпақов пен Д. А. Воякиннің "Қазақстанның көрнекті археологиялық ескерткіштері" кітабы қызықтырды. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Арыстан Баб, Ахмет Яссауи - Қазақстанның қасиетті кесенелері», «Қожа Ахмет Яссауи», «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнероликтері ұсынылды. Облыстық өлкетану мұражайы директорының орынбасары Жүсіпов Даурен Сейітович оқушыларды музей экспонаттарымен таныстырды, музей жұмысының ерекшелігі - тарихи-мәдени мұраны сақтап және ғылыми түрде жүйелеу туралы әңгімеледі. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қазақстан тарихы және Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы Баймағамбетова Айгерім Асылбековна өз сөзінде бүгінгі таңда көпғасырлық ұлттық тарихты қайта зерделеуге ерекше көңіл бөлінгенін, біздің міндетіміз – Ұлы даланың мәдени мұрасының маңызын бүкіл әлемге көрсету және ашу екендігін атап өтті. Іс-шара "Трикси" би ансамблінің «Қызғалдақ» қойылымымен аяқталды.

 DSCN3918   DSCN3927   DSCN3930   DSCN3942   DSCN3972

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

"Өнерпаздың сырлы ә…

26-03-2024 Hits:9 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың...

Ары қарай оқу

"Жүрек жылы" ойын…

18-03-2024 Hits:16 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек...

Ары қарай оқу

"Өлеңім өмір дастан…

18-03-2024 Hits:15 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай "Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеші...

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика